ДенсаулықЖаңалықтарҚоғамМерекелер

АСҚАҚ МӘРТЕБЕЛІ АҚ ЖЕЛЕНДІ АБЗАЛ ЖАНДАР!

Құрметті медицина қызметкерлері – аса құрметті дәрігерлер мен медбикелер!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Әрбір мемлекеттің басты байлығы – ол оның азаматтары болса, әрбір адамбаласы үшін байлық та, бақыт та – денсаулық. Олай болса, медицина қызметкерлерінің кезкелген қоғамда алар орны қашанда ерекше. Әрбір азаматтың денінің сау болуы Сіздердің ерік-жігерлеріңіздің, білімдеріңіз бен кәсіби шеберліктеріңіздің жемісі.

Алдарыңызға қиналып келген науқасты жүрек жылуларыңызбен қарсы алып, әртүрлі жағдайларда да адамның өміріне араша түсіп, барлық тәжірибелеріңіз бен білімдеріңізді ұлт денсаулығын жақсарту жолында қызмет етіп келесіздер. Сондықтан, аудан жұртшылығы атынан тұрғындарға көрсеткен лайықты қызметтеріңіз үшін алғысымды білдіремін.

Біз тұрақты даму үстіндегі мемлекетте өмір сүріп жатырмыз. Республикамыздың соңғы жылдардағы әлеуметтік-экономикалық өркендеуі Елбасы қабылдаған реформалардың сәтті жүзеге асып жатқанының жарқын дәлелі. Сол себепті де бүгінгі таңда халықтың денсаулығын жақсарту мақсатында нақтылы қадамдар жасауға мүмкіндік туып отыр.

Біз осы бағыттағы жұмысты алдағы уақытта да жалғастырып, халықтың сапалы медициналық қызметке қол жеткізуін қамтамасыз ететін боламыз.

Кәсіби мерекелеріңізбен тағы да шын жүректен құттықтаймын!

Сіздерге, ең қадірлі де керекті кәсіп иелеріне, зор денсаулық, отбасында береке-бірлік, бақыт тілеймін.

Бүгінгі медицина қызметкерлерінің Төл мерекесінің шынайы көркіне айналып отырған денсаулық сақтау саласы ардагерлеріне айрықша ризашылығымды білдіремін. Ақ халатты абзал жандардың баршасына мерекелеріңіз молынан болсын демекпін!

 

Қ. МЕДЕУОВ, аудан әкімі, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының 

төрағасы

 

0

ОТКРЫТИЕ НОВОГО ОТДЕЛЕНИЯ

Алдыңғы ақпарат

МОЛОДЕЖЬ  ГОРДИТСЯ  АСТАНОЙ

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *