Бес әлеуметтік бастамаРухани жаңғыруЦифрлы Қазақстан

ҚАРТ АДАМДАРДЫ КОМПЬЮТЕРЛІК САУАТ АШУҒА ОҚЫТУ ШАРАСЫ

«Астананың 20 жылдығына» орай өткізіліп жатқан «20 қайырымды іс-шара» респубикалық акциясы аясында барлық елді мекендерде партияластар белсенді қатысуымен айтулы шаралар өткізілуде. 26 маусым күні Іле аудандық мемлекеттік тіл оқыту әдістемелік орталығында қарт адамдарды компьютерлік сауат ашуға оқыту шарасы өтті.

Бұл шараға барлығы 20 адам қатысты. Шара барысында Іле аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Тұрымбетов Ерболат Сапарұлы шараға қатысқан адамдарды құттықтап, сөз сөйледі.

«Елбасының қай бастамасы болмасын әрдайым болашағы зор маңыздылығымен ерекешеленеді. Биылғы жылы халқымызға өміршең жобаны ұсынған Ұлт Көшбасшысының «5 әлеуметтік бастамасы» ел мүддесі үшін маңызы зор екені сөзсіз. Сол себепті стратегиялық мемлекеттік және салалық бағдарламаларды, соның ішінде «Рухани жаңғыру» және «Цифрлық Қазақстан» бағдарламаларын жүзеге асыру үдерісіне партиямыздың белсенді атсалысып, белсенділік танытуы – ер ертеңіне деген жауапкершілік», – деді аудандық филиал төрағасының орынбасары ЕрболатСапарұлы.

Шараға қатысқан қарт адамдар атынан сөз сөйлеген Чапаев ауылдық жергілікті қоғамдастық мүшесі Атамбаев Орынбасар «Нұр Отан» партиясы тарапынан жасалып отырған ізгілікті шараның берері мол, себебі қазіргі уақытта заман талабына сай әрбір адамның компьютерлік сауаты болуы керектігінің маңыздылығын айтып, өз ризашылығын білдірді. Шара  естелік фотосуретке түсумен аяқталды.

 

Өз тілшіміз

АДАЛ ЕҢБЕК, ҚАЛТҚЫСЫЗ ҚЫЗМЕТ

Алдыңғы ақпарат

КЕЛЕШЕККЕ АРНАЛҒАН КЕЛЕЛІ ІС

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *