Без рубрики

Ардагерлерді құттықтады

Іле ауданының әкімі Бағдат Қарасаев Ұлы Отан соғысының 75 жылдығы қарсаңында ауданымыздағы Ұлы Отан соғысының ардагерлері Тәңірберген Толғанбаев пен Василий Заецевтің үйлеріне арнайы барып, оларды төл мерекелерімен құттықтады. Онда Ел Президенті Қ. Тоқаев пен Алматы облысының әкімі А. Баталовтың арнайы құттықтау хаты мен себет толы жеміс-жидек пен өзінің және аудандағы мекеме басшыларының телефон нөмірлері жазылған смартфонды табыс етті. Смартфонды табыс етудің басты себебі ардагердің өзін толғандырған қоғамдағы жағдайларды немесе көкейтесті мәселелерді шешу мақсатында аудан әкіміне және құзырлы мекемелер басшыларына ойларын ашық айтып, тікелей сөйлесіп, хабарласуларына толық мүмкіндік туғызу. Сонымен қатар жеке мәселесін де шешіп беруге дер кезінде қажетті көмек алуына жағдай жасау. Мұның өзі ардагерлермен күнделікті байланыс орнатып, олардың қал-жағдайын біліп, олардың денсаулығын қадағалап керемет мүмкіндік туғызатындығы сөзсіз. Аудан басшысы ардагерлеріміз мерекелерімен құттықтап, оларға ақжарма тілектерін тілеп, ерліктері мен өнегелі өмірінің жас ұрпаққа үлгі екенін айта келіп: « Қарты бар үйдің қазынасы бар» — деген нақыл сөз тектен-тек айтпаған. Сіздер бізге бейбіт өмір сыйладыңыздар. Ерліктеріңіз мәңгі есімізде. Ұлт болып ұйымдасуды, Отанды сүю сынды құнды қасиеттерді бойымызға дарыттыңыздыр. Бұл телефондар әлдеқандай жағдайда хабарласуға өте ыңғайлы. Хал-жағдайларыңызды біліп, арасында Сіздің ақыл-кеңесіңізді тыңдау мақсатында смартфонды сыйға тартамыз», — деді. Ардақты ардагерлер өздерін мерекемен құттықтап келген аудан басшысына ақ батасын беріп, разылығын білдірді.

0

Кең болсаң, кем болмайсың

Алдыңғы ақпарат

Алматы облысының ХҚО-лары жұмысын қайта бастады

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *