ВЕСТИ ИЗ ОКРУГОВҚоғамРухани жаңғыру

АРДАГЕРЛЕР ЕЛ ӨМІРІНЕ ЕНЖАР ҚАРАМАЙДЫ

Елбасының жыл басында жариялаған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласына орай, осы бағдарлама аясында аудан ардагерлері 2019 жылғы атқарған жұмыстары мен 2020 жылға атқаратын жұмыстарын жоспарлау мақсатында ауданымыздағы ардагерлер ұйымы және округтердегі бастауыш ардагерлер ұйымдары мен аудандық аналар кеңестерінің төрайымдары,  төрағалары қатысқан үлкен жиын өтті.

Аудандық ардагерлер ұйымы Кеңесі президиумы төралқасының жиынын аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әмзе Әлдибекұлы ашып, жиынды барынша мағыналы да, тартысты өткізіп отырды. Жиында қаралған негізгі мәселелерге тоқталар болсақ, ең алдымен 2019 жылғы атқарған барша жұмыстар мен 2020 жылға арналған жоспар талқыланды. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әмзе Исаев Жыл бойы бастауыш ардагерлер ұйымдары жасаған жұмыстарды атап өтіп, оларға оң бағасын берді. Қойылған сұрақтарға тиянақты жауап беріп отырды. Биылғы жылды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көптеген айтулы мерейтойларға толы екендігін атап өткен еді. Сол жоспарға сәйкес Ұлы Отан соғысының 75 жылдық мерекесі мен Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына дайындық жасау керектігі баса айтылды. Келесі сөз болған мәселе бойынша ардагерлер ұйымы төрағасының орынбасары Ж.Серьянов 2020 жылға жасалған жоспармен таныстырып, жүргізілетін шараларға тоқталды. Аудан ардагерлерінің өнер фестивалін өткізу үшін оған дайындық жұмыстарын жасауымыз қажет деген ойларымен бөлісті. Ал Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай ауданымыздағы соғыс ардагерінен небәрі көзі тірі 7 адам қалса, оларға және тыл еңбеккерлеріне, жалғызбасты зейнеткерлерге, тұрмысы төмен отбасылардағы қарттарға үнемі қамқорлық жасап отыру біздің жастарға көрсететін үлгіміздің бір болары сөзсіз деді, төрағаның орынбасары өз сөзінде. Сонымен қатар ауылдардағы зираттардың жағдайлары мен ауыл имамдарымен жұмысты одан әрі жалғастыру туралы және жергілікті полицияның жұмысы және олармен бірлесіп жұмыс жасауды, ұры қарылармен қатаң жұмыс жасау керектігі, ауылдардың тазалығын басты назарда ұстау керектігі, қаңғыбас иттермен күрес жүргізуге атсалысуды осындай игілікті істер жасау арқылы биылғы «Еріктілер жылына» орай жастармен жұмыс жүргізуді жақсарту басты назарда болмақ. Жастар мен жұмыс жасауды басты назарға ала отырып, мектептегі патриоттық жұмыстарға оқушылардың ардагерлерге қамқорлық көрсетуге қолдау жасау біздің де басты мақсатымыз дейді ардагерлер. Сондай-ақ, Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жастардың тәрбиесіне баса назар аударып, ұлтымыздың салт-дәстүрлерін насихаттауда мектептермен жұмысты одан әрі жалғастыру тапсырылды. Өткен жылғы жасалған іс-шаралар мен атқарған жұмыстар жылдан-жылға жалғасын тауып, болашақ жастарға қарттардың айтар ақылы таусылмасын деп тілейміз! Ардагерлердің, ақсақалдардың, қариялар мен қарттар­дың халық амандығын тілеп, татулыққа, тыныштыққа, бейбітшілікке елді шақырып, тек жақсы сөз, жақсы істерді үлгі етіп айтып жүрсе ғана бүгінгі толқын адамдар келешекке кемел қоғам қалдыра алатындығы сөзсіз. «Қариясы бар елдің қазынасы бар» демекші, ұлтымыз қашанда қарттарына құрмет көрсетіп, ерекше көңіл бөлуді үнемі жадында сақтайды. Қарт азаматтардың тұрмысын жақсарту ардагерлер кеңесінің басты бағыты болып қала береді. Ардагерлер ел өміріне енжар қарамай, белсене жұмыс істеуге шақырады.

 

Нұргүл САБАҚАНОВА

 

ТАРИХИ МАҢЫЗДЫ ҚҰЖАТ

Алдыңғы ақпарат

АБАЙ МҰРАТЫ – ЕЛДІҢ МҮДДЕСІ МЕН БІРЛІГІ

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *