ВЕСТИ ИЗ ОКРУГОВЗнай нашихҚоғамМәдениет

ҚАРАОЙЛЫҚТАРДЫҢ ҚОЙЫЛЫМЫ БӨЛЕК

Аудан көлемінде аудандық Адагерлер Кеңесінің бастауымен Жастар жылы аясында «Ел болашағы -жастар» тақырыбында округтегі ардагерлер ұйымдары арасында көріністер көрсету іс-шарасы өтуде.

Күні кеше ғана Қарой ауылдық округінде дәл осы игілікті рухани бастаманың жалғасына куә болдық. Қараой ауылдық Мәдениет үйінде «Атамекен – анаң екен, қысылғанда панаң екен» атты жазушы С. Жүнісовтың «Аманай мен Заманай» хикаятының желісімен көрініс қойды.

Спектакльді сахнаға дайындаған – күлімкөз, ақ жарқын Бағдат Байпақбаева.

Балқия рөлінде Қараой ауылдық округінің аналар кеңесінің төрайымы – Секер Тәджиева, Аманай – Ы. Ноғайбаев атындағы орта мектептің 7 сынып оқушысы Досхан Қанапиянұлы, келіні Әминаны – Қараой ауылдық қоғамдық кеңес мүшесі  Айгүл Табылдиева, Атымтай (елес) рөлін – Сайлубек аға мен ауыл жастары мүшесі Арқалық Адал ойнады. Осы қойылымда Боратбай Садықов, Бүбісара Жұмағұлова сынды азаматтар ат салысты.

«Заманай мен Аманай» — Сәкен Жүнісовтің табысты туындыларының бірі. Оның қазақ прозасындағы орны ерекше. Сәкен Жүнісовтің повесінде ХХ ғасырдың 30 жылдарындағы халық ахуалы, тіршілігі көрініс береді.

Осы тұсты қойылымды үйлестіруші Бағдат Байпақбаева дәл анық басып, өзінің актерлары Секер апа мен Досхан бала арқылы көрерменге жеткізе білді. Олар ауыл сахнасын көркемдеуде  сол кездегі өмірдің кейбір тұстарына сәйкестендіру арқылы ұтты. Олар осы қадамымен жат жерде жүрген қазақтың елін, жерін сағынып, көксеуі Отанға деген нағыз махаббатын анық көрсете білді.

Жазушы Сәкен Жүнісовтың «Заманай мен Аманай» повесінде туған жерге деген перзенттік махаббат пен Отанға деген сүйіспеншілік керемет суреттелген.

Дәл сол повестегідей қойылымныңда бізге берер тәрбиесі, тағылымы көп. Балалардың бойындағы патриоттық сезімді оятып, Отанға деген сүйіспеншілікті арттырады. Осындай қойылымдар  арқылы болашақтың тұтқасына ие болар өскелең ұрпақтар көбейеді.

Биылғы аудандық ардагерлер кеңесінің шешімі оң болып, қараойлық ардагерлер ұйымыныі еңбегін жоғары бағалар деген сеніміміз бар. Оны біз уақыт атты абыз ақсақалға табыстаймыз.

Б. ЧОЙБАСОВ

Танымал американдық продюсермен кездесу өтті

Алдыңғы ақпарат

МӘДЕНИЕТ ПЕН ӨНЕРДІҢ БАСТАУЫ

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *