Астана 20-жылЖаңалықтарҚоғам

АРҚАНЫҢ АҚҚАЗЫҒЫ

Астана экономикамыздың тірегіне айналғанына 20 жыл толды. Бүгінгі таңда елдің төрі – елордамыз барша ұлт пен ұлыстың басын қосқан бірлік мекеніне айналды. Астана – қарыштап дамыған мемлекеттің нышаны, әлеуметтік-экономикалық өсіп-өркендеудің айқын дәлелі. Сарыарқа қоныс тепкен алып шаhарда әлем елдерінің көшбасшылары бас қосып, пікір алмасуы, тарихи маңызы зор шешімдерді қабылдайды. Елорданың заманауи келбетіне шетелдік қонақтар таңданыспен қарауда. Астана ТМД бойынша ең қолайлы, ғажайып қала ретінде танылды. Бұл біздің ортақ жетістігіміз. Астанамыз әрі қарай өркендей берсін! Қаланың әлем халықтарына мақтана көрсетер жетістіктері аз емес. Тәуелсіз Қазақстанның бас қаласы Астананың әлеуметтік-экономикалық өсіп-өркендеуіне қосқан қомақты үлестеріңізге, ерен еңбектеріңізге, азаматтық қоғам құруға белсене қатысқандарыңызға, бейбітшілік пен келісімді сақтауға атсалысқандарыңызға алғысымызды білдіреміз! Астанамыз жылдар келе, алып Азия мен Еуропаның шоқтығы биік қалаларының біріне айналатынына, алдағы ғасыр үлесін орын алып

батыл үмітпен нық сенімнің тұлғалы тірегі боларына сенімдіміз! Сондықтан да Қазақстанның жүрегі мәңгі соғып, бас қаласы одан әрі гүлдене берсін!

Сандуғаш МҰСТАФИНА,

Байсерке ауылдық округінің аналар кеңесі төрайымы, қоғамдық қызметкер

0

ЖИЛИЩНАЯ ПРОГРАММА «7-20-25» СТАРТОВАЛА В АЛМАТИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Алдыңғы ақпарат

ХАЛЫҚ АЛДЫНДАҒЫ БІР МІНДЕТ

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *