ЖаңалықтарҚоғам

АПАТТАН ЗАРДАП ШЕККЕНДЕР ЕЛЕУСІЗ ҚАЛМАСЫНШЫ

 

«Нұр Отан» партиясы Іле аудандық филиалының мәжіліс залында Іле аудандық партия филиалының ұйымдастыруымен «Ардагерлерді ардақтайық!» партиялық жобасы аясында Чернобыль апаты ардагерлері, мүгедектерінің қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстелді «Нұр Отан» партиясы Іле аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Е. Тұрымбетов төрағалық етіп жүргізді. Бұл шараға «Нұр Отан» партиясы Іле аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Е. Тұрымбетов, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ж. Әйтенова, аудандық орталық аурухана директоры, аудандық мәслихат депутаты М.Егембердиева, Іле ауданы бойынша қорғаныс істері бөлімінің басшысы С.Медеубаев, аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы А.Рахимбаев, аудандық әлеуметтік қамсыздандыру бөлімі басшысының орынбасары А. Ақылбаев, Алматы облысы бойынша «Чернобыль ардагерлері мен мүгедектері» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Х.Мұстафа, Іле ауданы бойынша «Чернобыль ардагерлері мен мүгедектері» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Н. Мухиддинов, Чернобыль апатының ардагерлері, мүгедектері, барлығы – 19 адам қатысты. Күн тәртібінде: «ҰОС соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне және оларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» ҚР 1995 жылғы 28 сәуірдегі №2247 Заңының аудан көлемінде орындалуы жайлы мәселе қаралып, өзара талқыланды.

Шара барысында Алматы облысы бойынша «Чернобыль ардагерлері мен мүгедектері» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Х.Мұстафа сөз сөйлеп, қоғамдық бірлестік болып толыққанды 2 жылдан бері жұмысты бастап отырғаны, көптен бері толғандырып жүрген өзекті проблемаларды бірлесе отырып шешу негізгі мақсатымыз екені жайлы айтты. Іле ауданы бойынша қоғамдық бірлестіктің төрағасы Н. Мухиддинов Өзбекстан елінен келген азаматтар пен жергілікті жердегі азаматтардың зейнатқасындағы айырмашылық жайлы сауал айтты. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ж. Әйтенова, Іле ауданы бойынша қорғаныс істері бөлімінің басшысы С.Медеубаев, аудандық орталық аурухана директоры, аудандық мәслихат депутаты М. Егембердиева, аудандық әлеуметтік қамсыздандыру бөлімі басшысының орынбасары А. Ақылбаев сөз сөйлеп, «ҰОС соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне және оларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» ҚР 1995 жылғы 28 сәуірдегі №2247 Заңының аудан көлемінде орындалуы жайлы қысқаша ақпарат берді. Шара барысында Чернобыль апаты мүгедегі Ж.Сарсенбаев 2-топтағы мүгедек ретінде зейнетақысының аздығы, есту аппаратын алуға көмек сұрайтындығы жайлы айтса, Чернобыль апаты мүгедегі С.Наурызбаев әскери госпитальға емделу, санаторийге жолдама алу мәселесін көтерді. Г. Белкова Чернобыль апатының

2-топтағы мүгедегі Н.Кузевановқа қолдау көрсету керектігі жайлы ойын айтты.

Шара соңында «Нұр Отан» партиясы Іле аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Е.Тұрымбетов қорытынды сөз сөйлеп, негізгі басшылыққа алатын міндеттер жайлы айтып, ең алдымен Чернобыль ардагерлері мен мүгедектерінің нақты тізімін жасау, оларды округтер бойынша бөлу, округ бойынша жауапты адамды тағайындап, округ әкіміне таныстыру, барлық ардагерлерді жалпы диспансеризациядан өткізу, мүгедектердің жағдайын анықтап, керекті коляска, есту аппараты тағы басқа құралдармен қамтамасыз ету мәселесін шешу және осы мәселелерді орындау үшін жүйелі, тыңғылықты жұмыстар ұйымдастыру керектігіне тоқталды.

Өз тілшіміз

0

ҰЛТТЫҚ ИДЕОЛОГИЯНЫҢ ТЕМІРҚАЗЫҒЫ

Алдыңғы ақпарат

ПОЖЕЛАЛИ ОСУЩЕСТВЛЕНИЯ ПРОЕКТОВ

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *