ЖаңалықтарҚоғамМерекелер

АНА – ТІРШІЛІКТІҢ ТІРЕГІ

Құрметті аналар мен апа-қарындастар!

Сіздерді құс қанатымен келіп, көктем шуағына бөлеген 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербеткен аналар мерекесі өмірге нәр мен шуақ беретін, әр отбасына көтеріңкі көңіл мен үміт ұялатып, бақыт пен қуаныш сыйлайтын айрықша күн.

Ал, әйел-аналар қандай қиындық болса да, қайыспай жеңе білетін табандылықтың, мейірім мен ізгіліктің, сұлулық пен адалдықтың, нәзіктік пен қайсарлықтың символы.

Тәуелсіз елімізде оның ішінде біздің ауданымызда әйел-аналардың, қырмызы қыздарымыздың күш-жігерімен атқарылмайтын жұмыстары кемде-кем.

Әйелдер аудандық және ауылдық әкімдіктерде, мәслихатта, білім, денсаулық, байланыс, халыққа қызмет көрсету, мәдениет, зейнетақы, құқық қорғау, қаржы және экономика, басқа да маңызды орындарда өздеріне тән табандылықпен еңбек етіп, аудан экономикасын дамытуға елеулі үлестерін қосуда. Нақыл сөзде айтылғандай, «Ер – елдің иесі, әйел – үйдің киесі». «Әйел – отбасы тірегі демек, мемлекеттің де тірегі. Біз бұдан кейін де елімізде әйелдердің ролі арта түсуіне барлық жағдайды жасайтын боламыз» -– деп Елбасымыз Н. Назарбаев әйел-аналарға ұрпақ өсіруге, алаңсыз еңбек етуге барлық жағдай жасалуына айрықша назар аударып отыр. Ортақ мерекеде Сіздерге зор денсаулық, шаңырақтарыңызға шаттық тілеймін! Әрдайым көңілдеріңіз көтеріңкі, жүздеріңіз жарқын, ғұмырларыңыз ұзақ та бақытты болсын!

Қ. МЕДЕУОВ, аудан әкімі, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағасы

0

«АНА ӨМІРДІҢ ШУАҒЫ » АТТЫ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ

Алдыңғы ақпарат

8-НАУРЫЗ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР МЕЙРАМЫ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *