ЖаңалықтарҚоғамМерекелер

«АНА ӨМІРДІҢ ШУАҒЫ » АТТЫ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ

8 наурыз 2018 жылы сағат 11:00-де Күрті ауылдық округі Ақши ауылының мəдениет үйінде 8 наурыз Халықаралық əйелдер күні мерекесіне орай «Ана өмірдің шуағы » атты мерекелік шара өтті. Мерекелік шарада округ əкімі Д.Өгізбаев құттықтау сөз сөйлеп ашты, округтің əйелдер істері жəне отбасылық демографиялық саясат жөніндегі кеңестің төрайымы А.Қонысбаева өзінің баяндамасын оқыса, ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Ахметов, номері 8 орта мектеп ұстазы Г. Волошина ақ жаулықты асыл аналарымызға құттықтауларын жолдады. Сонымен қатар асыл аналарымызға округ əкімшілігінің ұйымдастыруымен ауылдың жеке кəсіпкерлерінің демеушілігімен сыйлықтар таратылды. Шараның соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

 

0

ОТ ВОСЬМОГО МАРТА ДО ВОСЬМОГО МАРТА…

Алдыңғы ақпарат

АНА – ТІРШІЛІКТІҢ ТІРЕГІ

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *