ВЕСТИ ИЗ ОКРУГОВМерекелер

АМАЛ КЕЛДІ АМАН КӨРДІМ!

Іле аудандық кітапханасында Наурыз мейрамының басы Амал күніне орай «Наурыз келді – басталды амал күні!» атты мерекелік кеш өтті.Бұл кештің мақсаты оқырмандарға Қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы, Амал күні жөнінде түсінік бере отырып халқымыздың салт-дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Алдымен кітапхана қызметкері кітапхана қорындағы қазақ халқының тарихы, салт-дәстүрлері, өнері туралы әдебиеттерді оқырмандарға кеңінен насихаттап, «Ұлы күні Ұлыстың, Келді Наурыз – жыл басы!» кітап көрмесін көрсетті. Содан соң, келген қонақтарды қарсы алып,
Көріседі – «Көңілдер жібісін» деп,
Көріседі – «Тасысын ырысың!» деп.
Көріседі – «Көк мұз да жылысын» деп,
Көріседі – «Оң болсын Ұлысың!» деп.

Көріседі – қайғы-мұң кетіруге,
Көріседі – қайтадан жетілуге.
Алты ай қыстан арыған жанын демеп,
Көріседі – бел буып, бекінуге, – деп жыр шумақтарын арнап, мерекелік кешке шақырылған қонақтармен көрісіп, қарсы алды. «Жаңбырмен жер көгерер, батамен ел көгерер» дегендей, Өтеген батыр кенті ақсақалдар ұйымының төрағасы Мұхтар Назарбаев бата беріп, кеш жалғасын тапты. Іле аудандық Аналар кеңесінің төрайымы Ғ.Нәдірбекқызы сөз сөйлеп, тілегін білдірді.
Мерекелік кеш көңілді би, әсем әнге жалғасты. Думанды кештің қонақтары Ә.Нұрқожа атындағы Ардагерлер халық ансамблінің орындауында «Ләтипа», Наурыздың ақ қарындай» атты әндер шырқалып, мектеп оқушылары мың бұрала би биледі. Елбасының 2018 жылдың 21 қарашасында «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын жариялаған болатын Мақалада Елбасы тарихымызды әлем өркениеті тұрғысынан қарап зерделеген әлемге танытқанымыз жөн. Мақаланың әр бөлімі мықты далалық өркениетіміздің бар екенін және өткенді сараптай отырып, бүгінмен ұштастыра, ойластыра айтылған. Қазақ жұртының тарихи түп-тамыры өте тереңде жатыр. «Біз кімбіз? Қайдан келдік? Қайда барамыз?» деген сұрақтарға терең де толымды жауап беретін мақала десек артық айтпаспыз. Осы мақала аясында көптеген іс шаралар, өткізіліп қолдау көрсетілуде. Бүгінгі шара да соның жалғасы іспеттес. Кеш соңында Іле аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Бақытжан Көкенұлы сөз сөйлеп, кітапхана қызметкерлері мен келген қонақтарға ақжарма тілегін жолдады. Ол өз сөзінде «қазақтың салт-дәстүрін дәріптей білу тәрбиелі, ұлтжанды адамның қолынан келеді. Бүгін соған куә болып отырғандаймыз. Кітапхана қызметкерлеріне деген алғысын жеткізді. «Мың қосшыға бір басшы» демекші, осы ұжымды басқарып отырған Мейрамкүл Жабиева мен қарамағындағы қызметкерлеріне алғысын айтып, батасын берді. Ал, көрісуге келсек, мен көрісудің неден шыққанын білмеймін, бұл дәстүр «міне, жаңа жылға да аман жеттік», – деп қуанып, көрісуінен шыққан болар. Жалпы, халықтың жыл сайын 14 наурызда (ескіше 1 наурызда) амал мерекесін тойлайтынына қарап, көрісіп, міндетті түрде қырық үйдің есігін ашуға тырысатынына қарап, бұл көрісу дәстүрі қазақта болған деп ойлаймын. Бәлкім, саясатқа, тағы да басқа жағдайларға байланысты амал мерекесін тойлау ұмытылып, тек батыс өңірлерінде сақтап қалған болар. Ақын, Қазақстан Жазушылар және Журналистер Одағының мүшесі Рахат Қосбармақ өзінің өлеңінде былай деп жырлайды:
Амал күні қазағым көріседі,
Көрісу, бұл – көненің желісі еді.
«Жасың құтты болсын!» деп жамырасып,
Ақ ниетпен адал қол беріседі», -деп жырлаған екен. Ендеше осы мереке құтты болсын деймін! Бұл жыл баршамыздың есімізде қаларлықтай қымбат естеліктерге толы болсын! Көңілдеріңізге береке, ынтымақ, достық пен күлкі ұяласын! Ұлыс оң болсын!
Ой қосылсын ойыңа,
Бой қосылсын бойыңа.
Аман – есен жетейік
Келесі Наурыз тойына! деген ізгі тілекпен мерекелік кеш өз мәресіне жетті. Ал, барша қазақ халқына біз де Ұлыстың ұлы күні құтты болсын дейміз!
Нұргүл САБАҚАНОВА

0

ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ АЙҒАҒЫ

Алдыңғы ақпарат

ЕРКІН КҮРЕС: БІЗ ӘЛІ ОЛИМП ШЫҢЫН БАҒЫНДЫРАМЫЗ

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *