Қоғам

Алматы облысының 49 Ұлттық бюро қызметкеріне жаңа баспананың кілті табысталды


Талдықорғанда, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының Алматы облысы бойынша департаментінің 49 қызметкеріне Облыс әкімі Амандық Баталов жаңа пәтердің кілтін салтанатты түрде табыс етті,- деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі NUR.KZ ақпараттық порталы: https://www.nur.kz/
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің және Департамент басшылығы, Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен қызметкерлердің тұрғын үй мәселелерін шешу мақсатында, ағымдағы жылы 5 қабатты тұрғын үй құрылысының жобасын іске асырылған.
Аталмыш тұрғын үй құрылысын «Сурмак» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өз қолына алған. 2016 жылдың қараша айында жасалған екі жақты келісім меморандумы арқасында пәтер құны орташа нарықтық бағадан төмен шыққан.Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс атқаратын қызметкерлердің 80% — ы»Тұрғынүй құрылыс жинақбанкі» арқылы несие алып,баспаналы болуда. Бүгінгі күні қызметкерлердің 90% толық тұрғын үймен қамтылған.
Жаңа тұрғын үй сегізінші шағын ауданында орналасқан. Оның айналасында Жастар» спорт кешені, «Жастар» мәдениет және демалыс саябағы, мектеп, Бикен Римова атындағы драма театры, музыка мектебі, «Атамекен» көрме кешені және АХАЖ орналасқан.
Облыс әкімі Амандық Ғаббасұлының айтуынша, бұл маңда жақын арада саябақтар мен скверлер пайда болады,ал сәуір айында үлкен футбол алаңының құрылысы аяқталмақ.

Сондай-ақ, мердігер компаниясының басшылығы пәтерлерді өткізу кезіндеәр түрлі төлем түрлеріне мүмкіндік берген. Яғни, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» пәтер құнын бірден төлеймін деушілерді де, бөліп төлеймін деушілерді де қанағаттандырған. Ал, алғашқы жарнаны бірден салуға мүмкіндігі келмеген қызметкерлерге пәтерді шарт жасасу арқылы уақытша сақтап қойған.

0

ҰЛЫС КҮНІ, ҰЛТТЫҚ СПОРТ

Алдыңғы ақпарат

Строительство 40- квартирного дома начнется в моногороде Текели

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *