Без рубрики

Алматы облысында жер қатынастары саласында 11 құқық бұзушылық анықталды


2018 жылы Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жер қатынастары саласында 29 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді – деп хабарлайды «Jetisy Media» .
Осы ретте, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша департаменті Алматы облысының жер қатынастары саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингпен Алматы облысының жергілікті атқарушы органдары және жер қатынастары саласындағы уәкілетті орган ҚР-ның Жер кодексінің 48-бабының 2-тармағында көзделген жер комиссияларының құрамын жаңарту бөлігінде Жер кодексі нормаларының сақталуын қамтамасыз етпейтіні анықталды.
Мониторингпен Алматы облысының аудандық жер конкурстық комиссияларының жұмысында мүдделер қақтығысы фактілері анықталды.
Өз кезегінде, аудандар мен қалалардың әкімдіктері ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге арналған конкурстарды ұйымдастыру кезінде конкурсты ұйымдастырушы мен оның қатысушылары арасында «мүдделер қақтығысының» туындауына жол бермеуі және жолын кесуі тиіс.
Өткен жылға көз жүгіртіп қарасақ, 2019 жылы 7 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген, оның 85,7% — ы сыбайлас жемқорлық болып табылады.
«2020 жылы да жер қатынастары саласындағы заң бұзушылық тоқтамады. Ағымдағы жылы 11 қылмыстық құқық бұзушылық анықталған. Соңғы 2 жылда барлық аяқталған қылмыстық істер бойынша жалпы залал 872,4 млн.теңгені құраған»,- деді Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары Жандос Сағындықұлы.
Анықталған мәселелер мен сыбайлас жемқорлық алғышарттарын жою үшін:

  • аудандық, қалалық жер комиссияларының жұмысын түбегейлі қайта қарастырып, олардың құрамын толығымен жаңартып, оған жұртшылық, БАҚ өкілдерін қосу керек;
  • жерді пайдалану мен қорғауды бақылау саласындағы уәкілетті органмен және өзге де уәкілетті органдармен бірлесіп, жер комиссияларының жұмысында мүдделер қақтығысы фактілерін анықтау бойынша, оның ішінде жер учаскелерін заңсыз беру мәселелері бойынша жұмыс жүргізетін комиссия құру тиіс
  • әкімдіктер мен жер қатынастары саласындағы уәкілетті орган құрылымдық бөлімшелердің қызметіне бақылауды күшейтсін, бөлінетін жер учаскелерінің заңдылығы туралы жүйелі негізде тексерулер жүргізілу қажет.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұдан әрі тұрақты негізде жер учаскелерін бөлу кезінде лауазымды тұлғалардың жер заңнамасы талаптарының сақталуына және шешім қабылдау құқығына мониторингті ары қарай жүзеге асыратын болады.

0

За время ЧП 108 Талдыкорганцев зарегистрировали автомобили онлайн

Алдыңғы ақпарат

ЫНТЫМАҚ, БІРЛІК, КЕЛІСІМ – ЕҢ БАСТЫ БАЙЛЫҚ ЕЛ ҮШІН

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *