ЖаңалықтарҚоғамРухани жаңғыруҰлы даланың жеті қыры

Алматы облысында «Орбұлақ» шайқасының тарихи клубы құрылды

Қазақстанның тарихы мен мәдени мұрасы халықтың тарихи санасын жаңғырту үшін өте маңызды. ҚР Тұңғыш Президенті- Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында «Ұлы даланың ұлы өркениеттері» жалпы ұлттық клубын құру ұсынылған.

Осы мақсатта Талдықорған қаласындағы «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің жанынан «Орбұлақ шайқасының тарихи клубы» құрылды.

Клуб мақсаты-халқымыздың көп ғасырлық мәдени-тарихи мұрасын жандандыруға және тарихымызға деген жағымды көзқарасты қалыптастыруға бағытталған.

Жалпы ұлттық клубы түрлі фестивальдер өткізу, тарихи естелікті сақтауға жаңа серпін бермек. Сонымен қатар, тарихшылар, археологтар, қолөнершілер, реконструкторлар мен түрлі қоғамдық ұйымдармен тығыз жұмыстар жүргізеді.

Клубтың алғашқы отырысына зиялы қауым өкілдері, тарихшылар мен жас мамандар қатысты. Жиында алғаш болып сөз алған «Жетісу» газетінің бас редакторы Әміре Әрін «Орбұлақ» шайқасының отандық тарихтағы мән-маңызына тоқталып өтті.

«Ұлт тарихында Орбұлақ шайқасының орны бөлек. Шайқас туралы айтқанда, Салқам Жәңгір мен Самарқанның әмірі Жалаңтөс баһадүрдің есімдері аталмай тұрмайды. Ел арасында күмән туғызып келген Орбұлақ шайқасы егемен елдің тарихынан ойып тұрып орын алды. Қазақ елінің жоңғар шапқыншылығына қарсы ұлт-азаттық соғысы ұлт қаһармандарының ел мен жер тағдырын батыл шешіп, халқын қорғай алатындығын дәлелдеп, көрегендік саясатының мызғымас беріктігін көрсетті. Бұл шайқас – қаһармандық пен ержүрек батыр бабаларымыздың ұлы жеңісі. Сондықтан тарихтағы ұлы істер, ерліктер ұмытылмауы қажет. Облысымызда осындай тарихи клубтың құрылғандығы өте қуантарлық жағдай»,-деді Әміре Әрін.

«Орбұлақ» шайқасы – ұлттық тарихтың жауынгерлік даңқ шежіресінде ерлік пен қаһармандықтың өнегесі болып айшықталып қалды. Бұл – қазақ жасақтарының ойрат басқыншыларына қарсы ымыралықпен тоқсауыл берген шайқастарының бірі. Сондықтан шайқастың ел тарихындағы маңызы ерекше. Қазақ жауынгерлері ойраттардың әскерін Орбұлақ тұсында тоқтатып, оның бір бөлігін жойған. Бұл оқиға бірлік пен ынтымақ бар жерде алынбайтын қамалдың жоқ екендігін дәлелдеп отыр.

Бір сөзбен айтқанда, өз заманының заңғар қолбасшысы, әскери стратегі, ел қамын ойлаған қайраткер Жалаңтөс баһадүрдің ұлтымыз үшін атқарған істері, сіңірген еңбегі орасан зор. Сол себепті Жалаңтөс баһадүр бүгінгі ұрпақтары тарапынан ұлықтауға, даңқын асырып құрметтеуге лайық.

Елін, жерін, ұрпағын жаудан қорғаған бабаларымызға қандай тарихи сый-сияпат көрсетіп, мәңгілікке қалатындай іс-шаралар жасасақ та артық емес. Бұл біздің перзенттік борышымыз. Ел қорғаны болған батырларымыздың қай-қайсысы да біз үшін әрі құрметті, әрі қасиетті.

Ұлттық құндылықтарды жандандыру, тарихты еске түсіру, жастарға патриоттық тәрбие беру,бойындағы рухты көтеру мақсатында құрылған клубтың алдағы уақытта тың идеяларды жүзеге асыратынына сеніміміз мол.

Талдықорғанда «Жылдың үздік мұғаліміне» автокөлік кілті тапсырылды

Алдыңғы ақпарат

Қарасай батырға еңселі ескеркіш қойылды

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *