ҚоғамМәдениет

Алматы облысында «Музейдегі түн» әдеби-сазды кеші өтті

Талдықорғанда Ілияс Жансүгіров атындағы әдеби музейінде жыр Құлагерінің 125 жылдығы мен «Егемен Қазақстан» газетінің 100 жылдық мерейтойына арналған «Ілияс ізі: Еңбекші қазақтан — Егемен Қазақстанға дейін» атты әдеби сазды кеші өтті.

Кештің өткізілудегі мақсаты қазақ әдебиетінің төкпе жорғасы, алдына қара салмайтын тұлпары, биік бәйтерегі, жырдың алтын діңгегі Ілияс Жансүгіровтің 125 жылдық мерейтойының жалғасы ретінде Жыр жампозының артына қалдырған ізіне көз жүгіртіп, еске алу. Және де ақынның өзі қызмет еткен мемлекетіміздің бас газеті, еліміздің басынан өткерген сан түрлі әлеуметтік дүниені, маңызы зор оқиғаларды қалт жібермей қалың оқырманға жеткізіп жүрген, қазақ үшін құнды, ұлт үшін ұлағатты, сол кездегі «Еңбекші қазақ» бүгінгі «Егемен Қазақстан» газетіне биыл жүз жыл толуы жөнінде кеңінен ақпарат беру.

Шара «Egemen Qazaqstan» республикалық газеті акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы Ілиястанушы, Дархан Қыдырәлінің құттықтау сөзімен басталды.

Музейдегі кештің аясында I. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің профессоры филология ғылымдарының докторы Мұратбек Иманғазинов, ҚХ Ассамблеясының хатшылық меңгерушісі, ақын, Ғабит Тұрсынбай танымды баяндамаларын жасады.

Сонымен қатар «Жас түлек» студенттер театры актерлерінің орындауында «Ілияс» драмасынан үзінді қойылып, Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының дәстүрлі әншілері әуезді ән орындаса, «Мизам» әдеби тобының және «Ілияс оқулары» байқауының жеңімпаздары арнауларын оқыды.

Анар Сабырова

«Жасыл ел» штабы маусымды жемісті қорытындылады

Алдыңғы ақпарат

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР БӘСЕКЕСІ

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *