Қоғам

Алматы облысында мемлекеттік қызметкерлер арасында отбасы слеті өтеді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Алматы облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет басқармасы отбасы құндылықтарын дәріптеу мақсатында «Бақыт жанында» жобасының бастау алатындығын жариялап, Алматы облысы Мемлекеттік қызметкерлерінің отбасы слетін өткізуді жоспарлап отыр.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында белгілі болды.
Халқымызда «Отан отбасынан басталады» деген қарапайым қағ謬дат қай дәуірде болсын өзгер¬ген емес, өзгермек те емес. Елбасы «От¬басы – Қазақстан қоғамы¬ның дің¬гегі, экономикадағы, мәдениет¬тегі, әлеуметтік саясаттағы барлық жаңа жетістіктерінің негізі» деп бұл мәсе¬ленің біздің қоғам үшін маңы¬зын көрсетіп берді. 1993 жылдың 20 қыркүйегінде БҰҰ Бас Ассамблеясы 15 мамырда атап өтілетін Халықаралық Отбасы күні мерекесін бекітті. Осылайша, Отбасы күні Қазақстанда атаулы күн ретінде тойланып келеді.
«Отбасы – отансүйгіштік құрмет және береке-бірліктің қайнары. Яғни, кез-келген зиялы қоғамның алтын діңгегі. Жанұялық жақсылықтарды дәріптеу мақсатында облыс орталығы Талдықорғанда «Бақыт құшағында» жобасынан бастау алған отбасы слетін өтізу жоспарда. Оған ерлі-зайыпты екеуі де мемлекеттік қызмет істейтін 20-дан астам отбасының мүшесі қатысады деп күтілуде. Нақтырақ айтсақ, шараға қатысатын жұптардың арасында жаңадан шаңырақ көтерген жастар да, үйленгеніне 30 жыл толған егде жастағы адамдар да бар. Шара барысында отбасылық жағдайда туындайтын мәселелер төңірегінде орамды ой қозғалып, талқы ұйымдастырылмақ. Осы арқылы жас жұбайлар аға буын өкілдерінен үлгі алып, жанұялық береке-бірлікті бекемдеп, ата-бабадан жалғасып келе жатқан асыл қасиеттерді сақтауға ықпал ету» -дедіҚазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Жадыра Амангелдіқызы.
Айта кетейік, 2019 жылғы статистика бойынша Алматы облысының мемлекеттік қызметшілерінің саны 7498 адамдықұрайды.Оның ішінде 332 ерлі-зайыптылардың екеуі де мемлекеттік қызметші болып табылады.

Балжан Жұманбекова

0

ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығына байқау жарияланды

Алдыңғы ақпарат

Телевизия майталмандары Жетісу төрінде

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *