ЖаңалықтарҚоғам

Алматы облысында гендірлік зорлық-зомбылыққа қарсы жиын өтті

«Jetisy media» алаңында «Әйелдер мен қыздарға жасалған зорлық-зомбылыққа қарсы» республика бойынша бірінші рет халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Біріккен ұлттар ұйымының Гендірлік және әйелдердің құқығы мен мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері жөніндегі құрылымы Гендерлік негіздегі зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік акция өткізуге білек сыбана кірісті.

Іс-шараның алғашқы 3 күні Талдықорған қаласында өтеді. Яғни, облыс орталығында 25,26,27 қараша аралығында жаңа форматтағы жұмыстар қарқынды түрде жүргізіледі деп жоспарлануда дейді ұйымдастырушылар.

Ғылыми-практикалық конференцияны ұйымдастырушылар қыз-келіншектердің құқығын қорғауды нысанаға алған. «Немолчи.кз» сайтының жетекшісі, Дина Смаилованың айтуынша, өткен жылғы статистикаға көз жүгіртсек 36 адам тұрмыстық зорлық – зомбылық көрсеткені үшін темір торға қамалған.

Темірдей тәртіп орнатылып, құрбандарды құтқару жалғасын тапсада, балалардың құқықтарын бұзу жағдайы азаймай тұрған жайы бар. Бала құқығы көп жағдайда отбасының өзінде бұзылады. Балаға сырттан келіп әлімжеттік көрсететіндер сирек кездеседі дейді.

Бүгінде, балаларды зорлық-зомбылықтың құрсауынан босату үшін құқық қорғау саласының қызметкерлері аянып қалмақ емес. Тек заң саласының мамандары ғана емес, сонымен қатар білікті психологтарда бірлесе жұмыс жасауда.

Жұмса жұдырық болып бірігіп жұмыс жасауының арқасында жылдар бойы жалғасып келе жатқан зорлықтың беті ашылған. Зорлық-зомбылықты көрген балғындармен қатаң түрде жұмыс жүргізу тергеп, тексеру өте қиын.

Сол себепті де қазіргі таңда бөлімшелерде арнайы балалар бөлмесі жасақталған. Онда үйдегідей жайлы жағдайлардың барлығы жасалынған. Сондай балаларға арналған бөлме Алматы қаласы, Бостандық ауданындағы полиция бөлімшесінде ашылған деп мәлім етті, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Тергеу басқармасының бастығы Санжар Адилов.

Нәзік жандыларды тұрмыстық және өзгеде зорлықтың құрсауынан құтқарып, қанатының астына алып жатқан ел ағалары жоқ емес. Олар барлығы бірігіп жағдайы төмен әйел затына тегін қорғаушылар көмегін көрсетуде. Бұл игі бастама Елорда да бастау алып, жүзеге асуда.

Сандарды сөйлетестін болсақ, жаға ұстататын мәліметтерді көруге болады. Біріккен ұлттар ұйымының Гендірлік және әйелдердің құқығы мен мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері жөніндегі құрылымының мүшесі Салтанат Мустафина баспасөз-конференциясы кезінде сіз бен біз білмейтін ақпараттарды алға тартты. Оның сөзіне сенсек, әрбір 3-ші әйел зорлықтың құрбаны болса, әрбір 5-ші нәзік жанды психологиялық жарақат алған болып табылады.

Әлем бойынша 58% әйелдер зорлық-зомбылықты бастарынан өткерген, Қазақстан бойынша бұл көрсеткіш 17% құрайды. Былтырғы жылы аталған бассыз іс-әрекеттің жолын қию барысында 115 қылмыстық іс тіркелген.

Көпшілікке таныстырылған көрсеткіштер осы болса, бұғылып жатқан біраз шындықтың бары ақиқат. Расын да, әйелдерге, қыздарға балаларға жасалынатын тұрмыстық, жыныстық зорлық-зомбылықтың алдын алып, тамырына балта шаппаса болмас.

Бұл ғасыр індеті болып тұр. Әлемдік мәселеге айналған «жойқын дауылмен» күресетін сәт әлде қашан жеткен. Әлемнің тыныштығы ана мен баланың тыныштығында жатыр. Қоғамның қорғауына мұқтаж қос тарапты қолдау ұлттың ұландарына парыз.

Анар Сабырова

«Әлеуметтік желілердегі әкімдер»: Mатрица.kz порталы 2019 жылдың үздіктерін марапаттады

Алдыңғы ақпарат

«Жетісу-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі көмір отынмен қамтамасыз ету саласына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізді

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *