Бас мақалаМәдениет

Алматы облысында «Алтын таяқша» дирижерлер және «Кестелі орамал» вокалистер байқауы басталды

Талдықорғанда қазақтың көрнекті композиторы, КСРО халық артисі, мемлекеттік сыйлықтың иегері Мұқан Төлебаев атындағы V Халықаралық «Алтын таяқша» дирижерлер, «Кестелі орамал» вокалистер байқауы басталды.
Артына бай мұра қалдырған алып тұлғаның құрметіне арналған кезекті шара Талдықорғанда жыл сайын өткізіліп келеді. Жалпы байқауға 50 вокалист пен 25 дирижер қатысуға ниет білдірген. Іріктеу кезеңіне жолдама алған 6 мемлекеттен 17 дирижер және 28 вокалист байқауда өз бақтарын сынайтын болады.
Байқаудың негізі мақсаты- Қазақ өнерін дамыту. Қазақстан композиторларының шығармашылығын шыңдау және насихаттау, олардың тың туындылары арқылы өнер ұжымдарының репертуарларын толықтыру. Үміткерлер Мұқан Төлебаевтың шығармаларымен бірге шет ел классикасынан да өзі таңдаған туындыларды орындайды. Қатысушылардың дені облыстық филормонияларда еңбек етіп, үлкен сахнаға шығып жүрген кәсіби мамандар.
Байқау 2 күнге созылады. Жеңімпаздар қорытынды күнгі гала-концертке қатысып, жұртшылық алдында өнер көрсетеді.
Айта кетейік, КСРО Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, композитор — Мұқан Төлебаев атындағы Республикалық байқау әр екі жылда, Алматы облысының Мәдениет басқармасының қолдауымен өткізіліп отырады. Биылғы байқаудың ерекшелігі, қазылар алқасының арасында шет елдік халық әртістері де бар.


Балжан Жұманбекова

0

Телевизия майталмандары Жетісу төрінде

Алдыңғы ақпарат

Табысты Болуы Оның Табиғи Байлығымен Емес

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *