Қоғам

Александр Цой: «Алматы облысы – Отандық туризм кеңістігін дамытатын бірден-бір аймақ»

Алматы облысында белгілі блогер, қоғам қайраткері Александр Цой Отандық туризмді ілгерілетуге және сұранысқа ие контент қалыптастыруға бағытталған «Travel blogging» атты семинар-тренинг өткізуде.Аудан әкімдері мен туризм саласының бірқатар мамандарықатысқан кездесуде – Қазақстандағы туризм әлеуетін арттыру және бәсекеге қабілетті кеңістік құру мәселелері талқыланды.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың елдігімізді нығайтатын 5 институттық реформаны іске асыру үшін «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 57-қадамы бойынша «Туристік кластер құру» туралы тапсырмасы бәрімізге белгілі. Осы бағытта туризм кластерінің дамуына ерекше мән беріліп, Қазақстанды туристер үшін қолжетімді және қолайлы елге айналдырудың бағыт-бағдарлары айқын көрсетіп келеді. Бұл туралы аталмыш семинарда Александр Цой баяндап, кеңінен тоқталып өтті.
– «Қазақстандағы блогосфера белгілі бір деңгейде қалыптасып үлгерді және күн санап дамып келеді. Адамдар тек қана ақпарат алмасып қана қоймай, бүгінгі күні оң нәтиже беретін істермен айналысуда. Соның ішінде: қазірдің өзінде сұраныс тудырып отырған туризм саласын кең көлемде атап өтуге болады. Менің ойымша, сұраныс бар жерден айтарлықтай пайда көзін табуға да болады. Ол үшін сол мұқтаждықтар мен сұраныстарды қанағаттындыратын орта бейімделуі тиіс. Ол үшін: әдемі де көрікті жерлерді, туристік аймақтарды кең көлемде насихаттап, демалушылар мен қонақтарды, саяхатшыларды қызықтыра алатын алғышарттарға аса мән беруіміз тиіс», — деді ол.
– «Егер әртүрлі семинарлар мен вебинарларды мұқият тыңдайтын болсаңыз, онда әдетте табысты блогерлердің өз блогтарында қаражат таппай жатқанын аңғарасыз. Оған нақты себеп: контекстік жарнама мен серіктестік бағдарламалардың жұмыс істемеуі болып отыр. Шет елдік тәжірибеде блоггинг саласы – тек қана әуесқойлық деңгейде ғана қаралады. Тиісінше, оларға табыс көзі фотосурет қорынан, журналистік және экскурсиялық қызметтер мен түрлі тапсырыстардан түседі. Ал бізде, бұл сала белгілі деңгейде сұранысқа ие бола алмай отыр. Бірақ, бұл тұжырым – «біздің елде керемет жерлер жоқ» дегенді білдірмейді. Айталық, осы өзіміз отырған Алматы облысын қарастырып көрейік. Кереметі көз жауын алатын мекендер мен табиғат тамыршысына айналған тамашалықты аңғармау мүмкін емес.«Шарын шатқалы»дейсіз бе, «Айдынды Алакөл» дейсіз бе, «Таңбалы тас» дейсіз бе, «Айғай құм» дейсіз бе, т.с.с өте көп. Оның әрбірін жіпке тізе берсек, біразға барарымыз анық. Айтпағым: «Замана көшінен қалғымыз келмесе, біз түткиілдің түйіншегін ағытып, кең шеңберде зерделеуіміз қажет». Себебі, туризм саласы – ел экономикасына елеулі үлес қосатын бірден-бір қозғалтқыш болып табылады. Шет елдің демалушыларына әбден тұрақтылық тудырып отырған Швейцария немесе Түркия елдеріндегі туристік сұранысты біздің елде де қанағаттандыруға әбден болады. Ол үшін: «Travel blogging» таптырмайтын бастама болмақ.
Одан бөлек, Александр Цой блогерліктің қыр-сыры мен өзінің тәжірибесінен туындаған алғышарттармен де бөлісті. Оның айтуынша, әрбір блог жазып жүрген немесе енді бет бұрған азамат жасандылықтан бойын аулақ ұстауы тиісті. Яғни, тек қана шынайылық. Көтеретін тақырыбыңыз бен ойыңызды сан қайтала қорытындап барып, жариялымға ұсыныңыз. Сіз тек тоқтамау арқылы ғана алға жылжисыз, өсесіз. Өйткені, «блог» деген бір рет жасаған немесе тек бір тет қана жасалатын нысан емес. Статистика мен аналитиканы күнделікті жүргізіп отыру – сіздің жұмысыңыздың басты көрсеткіші болмақ.
«Егер, сіз аудиторияны қызықтыра алатын материалдар мен тың дүниелерді жазбасаңыз, онда өкінішке орай, ешкімнің қызығушылығын тудыра алмайсыз. Ол дегеніңіз – сіз ешкімнің тарапынан оқылмайсыз және сіз ешкімге керек емессіз. Бүгінгі күні тек қана «жазу» аздық етеді», деп қорытындылады сөзін Александр Цой.

Темірлан АЙТБАЕВ

0

1500 безработных обучат основам бизнеса в Алматинской области

Алдыңғы ақпарат

Александр Цой: «Алматинская область- регион для развития отечественного туристического пространства»

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *