Қоғам

АЛАКӨЛДЕГІ КӘСІПОРЫНДАРДА АЙЛЫҚ КӨТЕРІЛДІ

Алакөл ауданындағы 195 белсенді кәсіпорында 2766 адам қызмет етсе, олардың 484-іне 42500 теңгеден төмен жалақы төленіп келді. Сондықтан, аудандағы кәсіпорындарда үгіт-насихат жұмысы жүргізіліп, нәтижесінде өткен жылдың қарашасынан бастап «Алакөл жолдары» ЖШС 11, «Алакөл Көмір» ЖШС 4, «Алакөл нан» ЖШС 5, «Орталық Азия корпорациясы» филиалы 23 адамның жалақысын 43 мың теңгеге дейін көтерген еді.
Биыл қаңтардан бастап бюджеттік мекемелерде жұмыс істейтін 1,8 мың қызметкердің еңбекақысы тиісті мөлшерге жеткізілді. Олардың қатарында жергілікті округ әкімдігі аппараттарының, аудандық бөлімдердің, денсаулық сақтау мекемелерінің, білім беру орындары мен өзге де жұмыс нысандарының қызметкерлері бар.
Қазіргі таңда 49 шағын және орта кәсіпкерлік басшылары еңбекақыны көтеру бойынша меморандумға қол қойды. Сол қатарда алғашқы болып «Үшарал жолаушылар тасымалдау кәсіпорны» ЖШС 25, «Жолаушы» ЖШС 24, «Алакөл Агро» ЖШС 31, «Болашақ бастау» ЖШС 15, «Бағалы Алакөл» ЖШС 11 адамның жалақысын еселеді.
Елбасы тапсырмасы бойынша еңбекақыны көтеруге байланысты ауданда атқарылған жұмыстың аяқ алысы осындай. Қызметтің өтеуіне орай қолына тиетін қаражаттың өскеніне тұрғындар дән риза. Мұны қуатты мемлекеттердің қатарына қосылуға жасалған кезекті қадам деп түсінеміз.
Алмат ЕСЕНБЕКОВ
Алакөл ауданы

0

АЛАКӨЛ: ӘКІМДЕР НЕ ДЕП ЕСЕП БЕРДІ?

Алдыңғы ақпарат

«СЫБАҒА» СЕРПІН БЕРДІ

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *