ЖаңалықтарҚоғам

АДИ-НҰР ЕСІГІН АЙҚАРА АШТЫ

 

КазЦИК ауылында «Ади-Нұр» атты 120 орындықты балабақша пайдалануға берілді. Бұл жаңа бақшаның іске қосылуы – округтегі балабақша кезегін азайта түсері анық. Балабақшаның ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары А. Сатибаев, округ әкімі А. Жасымбеков, аудандық кәсіпкерлік қызметіне көмек беру қауымдастығының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Іле аудандық филилалы директоры Қ.Рахимов қатысты.

– Бүгін КазЦИК ауылында айтулы да маңызды оқиға. Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша салынған заманауи балабақша есігін айқара ашты. Бірегей құрылыс қазіргі мектеп жасына дейінгі балаларға арналған мекемелердің халықаралық үлгідегі барлық талаптарын ескере отырып салынған, – деді аудан әкімінің орынбасары А.Сатибеков.

Періштелер сарайында топ-топқа бөлініп балалар тәрбие алуда. Әр бөлмеге кірген сайын олар өздерінің өнерлерін ортаға салды. Бірі жаттаған тақпақтарын айтса, екіншілері мың бұрала би билеп, өлең айтты.  «Балабақша отбасылық кәсібіміз. Бұл салада біздің тәжірибеміз мол. Балабақшаға екі жастан бастап алты жасқа дейін қабылдаймыз, бүлдіршіндер қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде оқиды. Спорт залы жабдықталды, қажетті жиһаздар әкелініп, асхана мен кір жуатын бөлмеге арнайы жабдық орнатылды. Барлық бөлме стандартты талаптарға сай келеді, өрт қауіпсіздігі мен санитарлық ережелердің барлық нормасы сақталған», – деп мәлі- метті балабақша құрылтайшысы Б.Бекжанова.

Айта кету керек, балалар бақшасы соңғы үлгідегі талаптарға сай етіп тұрғызылған. Жап-жаңа бір қабатты ғимаратта жас айырмашылығы бар 3 топта жиырма баладан тәрбиеленеді. Олардың жатын орындары мен тәрбиеленетін залдары интерактивтік тақталармен жарақтанған. Музыка және гимнастика залдары, медициналық қызмет көрсету бөлмелері бар. Әр топ спорттық және ойын алаңдарымен қамтылған. Киімдер мен аяқ-киімдерді қоятын шкафтар қаз-қатар тізіліп тұр. Тамақтану және кір жуатын бөлмелер соңғы үлгідегі қондырғылармен жабдықталған.

 

Бағдат ЧОЙБАСОВ

0

Округтерден хабар Вести из округов

Алдыңғы ақпарат

«ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚСТАН БАҒДАРЛАМАСЫН» ДАМЫТУ • УАҚЫТ ТАЛАБЫ

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *