Білім және ғылымЖаңалықтар

АДАМ КАПИТАЛЫ – БІЛІММЕН ӨЛШЕНЕДІ

«Төртеу түгел болса, төбедегі келеді» деп ата-бабамыз айтып өткендей, шебер саясаткерлігімен, көсемдігімен әлемге танылған Елбасымыз Қазақстан халқына Жолдаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктерін» басшылыққа алып, жеті қазынаның бірі ит жылындағы мақсат-міндеттерімізді айқындап көрсетіп өтті.
Өткен жылғы Жолдауында Елбасы әлемді дағдарыс қоршап жатқанда дағдарыстан жаңару мен дамуға жол таба біліп, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын жариялады. Биылғы Жолдауын да тығырыққа тірелмеуде, ең біріншіден, өнеркәсіпті индустрияландыруды дамытуға бағыт-бағдар берді. Ол үшін экономиканы дамыту, капиталды қорландыру, халықаралық қарым-қатынас және халықтар арасындағы татулық пен ынтымақтастықты берік ұстауға көңіл бөлді. Осы арада біздің еңселі Қазақстан бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына 2020 жылы енуі керек екендігін айтты. Ол үшін Президент 10 бағытты айқындап көрсетті. Оның ішінде жетінші бағытта «Адами капитал – жаңғыру негізі, білім берудің жаңа сапасын айтты.
Онда кәсіби білікті мамандар дайындау, білім саласындағы жаңа мақсаттар мен міндеттерді тапсырды. Барлық жастағы азаматтарды қамтитын білім беру ісінде өзіміздің озық жүйемізді құруды жеделдету қажетігін айтты.
2019 жылдың 1 қыркүйегіне қарай мектепке дейінгі білім беру ісінде балалардың ерте дамуы үшін өз бетінше оқу машығы мен әлеуметтік дағдысын дамытатын бағдарламалардың бірыңғай стандарттарын енгізетін болды.
Шәкіртке білім нәрін сусындатып отырған біздер, ұстаздар үшін жаңаша оқыту бағдарламасын алға қойып бергені нұр үстіне нұр сепкендей. Сол секілді, «Ақыл – жастан, асыл – тастан» демекші, Елбасы жастардың саясатқа белсене әрі маңызды істері арқылы араласатынына сенім мен мүмкіншілік туғызғанын білдірсе, ұстаздардың абыройын жоғары қойғаны олардың жалақысының өсуін қадағалауы өте маңызды қадам.
Жолдаудың қолдау тауып, одан әрі дамуына орасан үміт артамыз. Елбасы Жолдауында өз халқына зор сенім білдірсе, сол Жолдауды іске асыратын біздер екенін ұмытпасақ, бір отбасының баласындай ел болып жұмыла кіріссек, тәуелсіз Қазақстанның биік шыңдардан көрінетініне кәміл сенімдімін.

Л. КАТКЕЕВА,
аудандық білім бөлімінің басшысы

0

ТАРИХИ ӨРЛЕУ БАСТАУЫ

Алдыңғы ақпарат

МЫ ИДЕМ ПРАВИЛЬНЫМ ПУТЕМ

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *