ЖаңалықтарҚоғам

АДАЛ ЕҢБЕК, ҚАЛТҚЫСЫЗ ҚЫЗМЕТ

Мемлекет басшысы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 30 қадамында «Жергілікті атқарушы органдарға және жергілікті қоғамдастыққа есеп беретін жергілікті полиция қызметін құру» туралы тапсырған еді. Соның нәтижесінде жергілікті полиция қызметі құрылып, оның жаңа міндеттері белгіледі.

Тәуелсіздік алып, өз алдымызға ел болып көк байрағымыз желбірегеніне міне, 27 жыл болды. Республикамыз ірі қуатты тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасып, халықаралық мәртебені иеленді. Сонымен қатар, биылғы жылы ҚР полиция қызметіне 26 жыл толып отыр. Осыған орай Іле ауданы әкімдігінің мәжіліс залында 23 маусым күні салтанатты жиын өтті.

Ішкі істер органдары – 120 мыңнан астам қызметкер жұмыс атқаратын еліміздің ең көлемді және көп құрылымды мемлекеттік орган болып табылады. Күндіз де, түнде де, ыстықта да, суықта да еліміздің тұрғындарының құқығы мен тыныштығын сақтау және қорғау күзетінде қалтқысыз қызмет етуде. Осыдан кейін қызметтік міндеттерін атқару барысында қаза болған қызметкерлерді еске алу мақсатында 1 минут үнсіздік жариялады. Мерекелік құттықтау сөз Іле ауданы әкімінің міндетін атқарушы Нұрлан Орынбасарұлына берілді. Ол Ішкі Істер басқармасын төл мерекелерімен құттықтай отырып, 10 полиция қызметкеріне құрмет грамоталарын табыстады.

Келесі құттықтау сөзді Алматы облысы Ішкі істер департаменті Іле аудандық ІІБ бастығы полиция полковнигі Талғат Нұрғожанов Мерекеұлына берілді. Мерекеге орай Іле аудандық Ішкі Істер басқармасында мінсіз қызметі үшін 3-дәрежелі медалімен, тергеу бөлімінің аға тергеушісі полиция капитаны Зульфия Тұрсынбаева Болыспекқызы, жедел криминалистикалық бөлімшесінің бастығы полиция майоры Ғалым Дарыбаев Қасымұлы, кадр жұмысы бөлімшесінің бастығы полиция майоры Дархан Ержанов Орнықбекұлы мадақталды. Ал, «Отан патриоты» медалімен Іле аудандық Ішкі Істер басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Хаир Байқадамов Фахриденұлы және Боралдай кенттік полиция бөлімшесінің бастығы, полиция капитаны Бейбіт Байзиханов Бақытұлы, көші-қон қызметі бөлімшесінің бастығы, полиция майоры Мадияр Ашеев Мұхтарұлы, криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі полиция капитаны Дамир Құшанов Қанатұлы марапатталды. Сонымен қоса, 10 қызметкерге ІІБ бастығы арнайы құрмет грамоталарын табыс етті.

Еліміздің қорғандары – полиция қызметкерлерінің еңбектеріне табыс, қызметтеріне сәттілік пен абырой тілейміз. Мемлекетіміздің өркендеуі жолында табысты қызмет ете берулеріңізге тілектеспіз. Халқымыздың амандығын сақтаумен Отанымыздың өркендеуіне қосып жатқан үлестеріңіз аз емес, еңбектеріңіз әрқашан жемісті де табысты болғай!

 

Айжан САТЫМХАН

0

О НОВОМ РЕГЛАМЕНТЕ СОБРАНИЙ

Алдыңғы ақпарат

ҚАРТ АДАМДАРДЫ КОМПЬЮТЕРЛІК САУАТ АШУҒА ОҚЫТУ ШАРАСЫ

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *