ВЕСТИ ИЗ ОКРУГОВҚоғам

АБАТТАНДЫРУ – ОРТАҚ ІС

Жақында аудан әкімі Б. Қарасаев осы өңірдегі жеке кәсіпкерлермен кездесті. Оған ауданның бірқатар мекемелерінің басшылары қатысты. Ашық диалогпен өткен кездесуге қатысушылардың әрқайсысы түйткілді мәселелерін ортаға салып, жұмыс барысында ауданымызды көркейту жолында кәсіпкерлердің атқаратын жұмыстары туралы сөз болды. Кездесуде билік пен кәсіпкерлердің өзара жұмыс жасауы егжей-тегжейлі талқыланды. Ауданымыздың сәулеттік көрінісі де әкімнің назарынан тыс қалған жоқ.
Аудан басшысы кәсіпкерлерді округтерге қатысты ауылдар мен көпқабатты үйлердің ауласындағы шағын футбол алаңдарын салу мен күрделі жөндеуден өткізу және басқа да аббаттандыру жұмыстарын бірігіп жүргізуге шақырды.
Аудан әкімі Б. Қарасаев: «Егер осы жұмыстар тек бюджеттен қаралатын болса мен сіздерді диалог алаңына шақырып, мазаламас едім. Сіздерге мемлекет қай жағынан болса да қол ұшын беруге әрқашан дайын. Сіздерді де өз тараптарыңыздан көмек ретінде аудан көлеміндегі аулаларды жарықтандырып, аббаттандыруға шақырамын. Өйткені ауламыздағы балалар ойнайтын алаң заман талабына сай емес. Тіптен сын көтермейді. Мұның өзі аудан азаматтары мен басшыларына үлкен сын», — деді.
Өкінішке орай, кәсіпкерлер тарапынан бұл мәселе бірден шешімін таба қойған жоқ. Бірқатар кәсіпкерлер түрлі себептерді алға тартты. Дегенмен, «BTK Group» автоклавты теплоблок кірпіштерін өндіретін компаниясының басшысы Т. Ботабеков, «МаксДорСтрой» компаниясының басшысы А.Скоропадский және Междуреченск ауылдық округіндегі «Sokol» автодромы сынды белді компаниялары аббаттандыру ісіне белсене атсалысатындықтарын айтып, көмек беруге келісті.
– Ауданымыздың өзіндік стилі мен келбеті болуы керек, — деді аудан басшысы сөзін әрі қарай жалғастырып.
– Өтеген батыр кенті облыстағы ең маңызды аудан орталығына айналуы үшін бәріміз бірігіп, жұмыс атқаруға тиістіміз. Сондықтан елді мекендерді абаттандыруды әрқайсымыз өзіміздің азаматтық парызымыз деп білейік.
Екі тараптың талқылауында қоғамдық мәселелер де сөз болды. Аудан әкімі кәсіпкерлер қауымына сенім білдіріп, айтылған ұсыныстардың қолдау табатынына сенім білдірді.

Өз тілшіміз

0

КУРС ПРЕЖНИЙ: РОСТ ПРЕДПРИНИМАТЕЛЬСТВА

Алдыңғы ақпарат

ӘЛЕМДІК ЖАҢАРУ

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *