ЖаңалықтарҚоғам

АҚЫЛЫ ЖОЛДЫҢ САПАСЫ АРТАТЫН БОЛАДЫ

Өткен аптада Қапшағай қаласы әкімшілігінде «ҚазАвтоЖол» АҚ филиалы қоғамдық талқылау өткізді. Бұл жиынның басты тақырыбы, ақылы болатын Алматы — Талдықорған тасжолы төңірегіндегі өзекті мәселе қозғалды. Шараны ұйымдастырушылардың сөзіне сүйенсек, келер жылға дейін Іле ауданы, Қапшағай, Талдықорған қалалары маңында арнайы терминал тұрғызылмақ. Онда өзіндік төлеу тәсілдері мен тәртіптері болады. Мысалы, алты төлем жасау жолы қарастырылған олар қолма қол трасса бойындағы кассада, QIWI терминалы, paiway.kz  интернеті, банк карточкасы, жекеше төлем жасау (заңды тұлғаларға), RFID белгісі арқылы төлеуге болады.

Айта кетейік, терминалдың құрылысы 2019 жылы аяқталады деп күтілуде. Тасжолдың бойында орналасқан аудан халқы өз территориясында ақысыз жүре алады. Егер жекеменшік көлік иесі өз аумағынан шыққанда шақырымына 1 теңгеден төлем жасайды. Ол үшін көлік сол тұрғылықты жерінде тіркелуі тиіс. Аталмыш төлем жасауда арнайы әлеуметтік жағдайда қарастырылған. Мысалы күнде қатынайтын обылыс аралық қоғамдық көліктер мен инватакси, жедел жәрдем, төтенше жағдай көліктері ақысыз жүретін болады.

Аталған мәселеге жиынға арнайы барып қатысқан аудан әкімінің орынбасары С.Ерекешев өз пікірін білдірді. Ол: «Бұл жол республикалық маңызға ие трасса болып табылғанымен осы жол арқылы Талдықорғанға жақын елдімекендерде өмір сүретін азаматтар күнделікті қатынайды. Жолдың ақылы болуы сол азаматтарға салмақ салмауы тиіс. Өзге өңірлердегі үздік тәжірибеге негізделген ұтымды әрі тиімді әдісті пайдалануға ниетті», — дей келе Өтеген батыр кентіне Алматы-Қапшағай трассасы жағынан кіре берісінде міндетті түрде жолайырық болу керектігін қатаң ескертті. «Біздің кентте кемінде 35 мыңға жуық халық тұрады. Олардың ары-бері жүруіне тасжолдың бойынан аспалы көпірдің салынуы тиіс» деген ұсынысты айтты. Сонымен қатар аудан территориясындағы жол бойындағы ауыл атауларын өзгертуді ұсынды. Мысалы Шиликемер емес ол халқымыздың ардақты композиторы Н. Тілендиевтің атына ауысқалы он жылға жуық өткенін айтып, олқылықты жөндеуді тапсырды.

Енді осы ақылы төлем қандай пайда әкеледі деген заңды сұрақ туындайды. Енді Алматы – Талдықорған тасжолына шыққанда бейқам жүретін боласыз. Жол бойында сізге жауын-шашын мен көктайғақ екенін ескертіп тұратын бағандар орыналасады. Одан қала берді жол 6 сағаттың ішінде тазаланып, омбы қардан аршылып тұратын болады. Сол сияқты жолдың сапасы артып, қызмет түрлері көбейеді.

 

Бағдат ЧОЙБАСОВ

0

Астананың соборлық мешіті

Алдыңғы ақпарат

СТРОИТЕЛЬСТВО ШКОЛ И ПРИДОРОЖНЫЙ СЕРВИС

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *