ЖаңалықтарҚоғамМерекелерРухани жаңғыру

АҚПАНДЫ ҚАРА ӨЛЕҢГЕ БОЯЛТҚАН

Боралдай ауылдық округі, Жайнақ ықшам ауданындағы №40 орта мектепте кент әкімі аппаратының ұйымдастырылуымен «Мұқағали – қазақ поэзиясының Хантәңірі» атты округ көлеміндегі орта мектептер арасында байқау өтті. Байқауға 14 үміткер қатысты. Үміткерлер «Менің анкетам», «Поэзия, менімен егіз бе едің?», «Мұқағали әлеміне саяхат», «Ақынды ақын оятпаса болмайды…», «Жазылар естеліктер мен туралы» деген бес бөлім бойынша сынға түсті. Үміткерлер қатарында әр түрлі маман иелері болды. Байқаудың шымылдығын өз құттықтау сөзімен кент әкімі М.Салимбаев ашып, барлық үміткерлерге сәттілік тіледі. 


Үміткерлердің өнерін бағалап, қазылық еткен әділқазылар алқасының құрамында, Боралдай кенті әкімінің орынбасары А.Таңатарқызы, «Іле ауданының құрметті азаматы, Боралдай кенті аналар кеңесінің төрайымы М.Қаламбаева, Мұқағалидың көзін көрген ақсақал, Боралдай кенті ақсақалдар кеңесінің мүшесі К.Жумадилов, Боралдай кентінің балалар кітапханасының меңгерушісі Г.Шункеева болды. 
Байқаудың нәтижесі бойынша І-орынды №39 мектеп-гимназияның оқушысы Мұратбекова Балжан Жанатқызы жеңіп алып, аудандық байқауға жолдама алды, ІІ-орынды №40 орта мектептің қызметкері, жас маман Реймова Жадыра Абайқызы иеленді, ал жүлделі ІІІ-орынға №15 орта мектептің қызметкері, жас маман Айдарбекова Жансая Баялықызы лайықты болды. Барлық қатысушыларға кент әкімінің алғыс хаты және І-ІІ-ІІІ дәрежелі дипломдар беріліп, бағалы сыйлықтар мен Мұқағалидың кітабы тарту етілді.
Байқауға жиналған әр адамды Мұқағали әлеміне сапар шектірген, қазақ поэзиясына ғашық еткен керемет, әсерлі кеш болды.

0

ТАҒЫДА, СҮЙІНШІ!!!

Алдыңғы ақпарат

Қазақстандық танымал джиу-джитсуші Нұрсұлтан Орынбасаров күлгін белбеу иегері атанды

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *