ЖаңалықтарҚоғам

СЫБАЙЛАСТЫҚҚА ҚАРСЫЛЫҚ


Ауданымыздағы қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тобы «Сыбайлас жемқорлықтың алдыналу» акциясы аясында сыбайласжемқорлықпен күрес жөніндегі қоғамдық кеңес мүшелерінің учаскелік полиция инспекторларымен кездесу өткізді.

Жиынға біздің аудандық топтың төрайымы, аудандық қызмет істері және сыбайласжемқорлыққа қарсы іс-қимылагенттігінің басшысы Р. Абилова және округ инспекторлары, қоғамдық ұйым өкілдері қатысты.

Жиынға қатысушылар алдымен аудандық қызмет істері және сыбайласжемқорлыққа қарсы іс-қимылагенттігінің басшысы Р.Абилованың округтерде жасалып жатқан жұмыстары туралы ұсыныс талаптарынтыңдады. Агенттік басшысының айтуынша, медициналық мекемелер, ішкі істер департаменттері, халыққа қызмет көрсету орталықтары және мемлекеттік қызмет көрсету мен айналысатын басқа да мемлекеттік органдарға тексеру жүргізілген. Өйткені, халықтың көбі осы салалар бойынша арыз-шағымды жиі түсіретін көрінеді. Сондай-ақ, жиын барысында жергілікті учаскелік инспекторлардан, полицейлердің қызметтік сапасын арттыру және мемлекеттік қызметтерді ұсыну бойынша бір қатар ұсыныстар енгізілгенін айтты. Мысалы, аудан бойынша ішімдік ішіп алған жүргізушілерді сараптайтын медициналық сараптама орталығының жоқтығы және қызметтік көліктің жетіспеушілігі көптеген қиыншылықтарға алып келеді екен.

Сондай-ақ, жиында мемлекет бюджеттің 4 деңгейіне өтуіне байланысты топ мүшелеріне қырағылық таныту тапсырылды. Мемлекеттік қызметтің сапасы және азаматтардың жемқорлыққа төзбеуі жөнінде біршама мәселелер қаралды.

Өзтілшіміз

0

«ВРЕМЯ БОЯТЬСЯ ПРОШЛО!»– говорит предприниматель Бакыт Ботояров

Алдыңғы ақпарат

МЕМОРАНДУМ – КЕЛЕШЕККЕ КЕРЕК

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *