Без рубрики

326 ЖҰМЫСШЫ ОРНЫ АШЫЛАДЫ

Баршамызға белгілі еліміздегі карантин жағдайына қарамастан Қазақстан Республикасында 2011 жылғы 31 наурыздағы №316 ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген «Жұмыспен қамту-2020» мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырыла бастады. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты бірнеше мәселелерді шешу арқылы қол жетуі тиіс тұрақты және нәтижелі жұмысбастылыққа ықпал ету жолымен халықтың табысын арттыру болып табылады. Сонымен қатар адамдарды оқыту, жүмысқа орналастыру, оларға тұрғылықты жері бойынша өзінің жеке ісін ұйымдастыруға көмек көрсету болып табылады. Бұл жұмыс біздің ауданда да жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Атап айтсақ, «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы аясында ауданның елді мекендеріндегі көшелерге құм-тас төсеу және оны жөндеу жұмысы бүгінде қарқынды
жүргізілуде. Жолдарды жөндеу жұмысының барысымен кеңірек танысу мақсатында біз аудан әкімдігі жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ернат Жаңабекті сөзге тартқан едік. — Ернат Жаңабекұлы, аталмыш бағдарлама аясында жол жөндеуге қатысты нақты атқарылған жұмыстарға тоқталып өтсеңіз. — Жалпы алғанда «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша елді мекендердің жолдарын дамыту мақсатында жөндеу құны 1303,3 миллион теңге болатын 56 жоба іске асырылып, 326 жаңа жұмысшы орны құрылады. Атап айтсақ, 979,5 миллион теңгеге 18 ауылдың к ө ш е с і н е орташа жөндеу жұмысын жүргізу мақсатында 27 жоба, а ғ ы м д а ғ ы жөндеуден жұмыстарын өткізу үшін құны 323,5 м и л л и о н болатын 29 жоба жүзеге асырылмақ. Осыған орай, бүгінгі таңда «Максдорстройсервис-21» және «Hadid» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері Өтеген батыр, Байсерке, КазЦИК, Чапай ауылдары мен Боралдай кентіндегі көшелерді жөндеуге кірісіп кетті. Нақтырақ айтсам, «Максдорстройсервис-21» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Байсерке ауылындағы Қонаев, Бөлтірік ақын көшесіне
ағымдағы жөндеу жұмысын, Өтеген батыр ауылындағы Астана көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Алдағы уақытта Жетіген ауылының көшелерін жөндеуге кіріспекші. Ал «Hadid» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі КазЦИК ауылындағы Айтов, Чапайдағы Гагарин көшелеріне орта жөндеу, Боралдай кентіндегі Шымбұлақ, КазЦИК елді мекеніндегі Алатау көшелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. — «Жол картасы» бағдарламасы бойынша қанша жұмыс орны ашылды? — «Максдорстройсервис-21» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жол жөндеу бойынша 29 жобаны жүзеге асырып, 133 жұмысшы орнын ашуы тиіс болса, оның 66 адамы жұмыспен қамту орталығы арқылы еңбекке қамтылуы керек. Бүгінде орталық арқылы 9 адам жұмыспен қамтылып отыр. Ал, «Hadid» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жол жөндеу жұмыстары бойынша 27 жобаны жүзеге асырып, 115 адамды жұмыспен қамтымақ. Соның ішінде халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы 58 адамды жұмысқа алуы тиіс болса, бүгінде соның ішінде 12 адам орталық арқылы жұмыс істеп жатыр. Аталған екі кәсіпорын да алдағы уақытта бұл жұмыстарды одан әрі жалғастырып, өздері межелеген барлық жобаны толықтай жүзеге асыратын болады. — Яғни, «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша жаңа 326 орны ашылмақ қой? — Иә, аталмыш бағдарлама бойынша жыл басында бекітілген 56 жоба биыл толықтай жүзеге асырылып, аудан тұрғындары жұмыспен қамтылатын болады. Сонымен бірге, бүгінгі күні мемлекет «biz birgemiz» ұраны жалаң сөз ғана емес, халықпен расында да бірге екенін дәлелдеуде. — Әңгімеңізге рахмет. Ісіңізге сәттілік тілейміз.

Сұхбатты жүргізген Роза АЙДАРБЕКОВА

0

ОНЛАЙН СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ

Алдыңғы ақпарат

САҚТЫҚТА ҚОРЛЫҚ ЖОҚ

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *