ЖаңалықтарМерекелер

21 тамызда Құрбан айт басталады   ҰЛТ ПЕН ҰЛЫСТЫ  ҰЙЫСТЫРАТЫН РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚ

Құрметті Іле ауданының тұрғындары мен қонақтары! Қадірлі жамағат! Қасиетті Құрбан айт мерекесімен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын! Бұл мейрам – ұлт пен ұлысты ұйыстыратын рухани құндылықтардың бірі.

Құрбан айт – асыл дініміздің құндылықтарымен қатар, қазақ халқының дархандығы мен мәдениеті бірдей көрініс табатын ерекше ұлық мейрам. Алланың разылығы үшін құрбан шалып, дұға тілеу әрбір мұсылманның өміріндегі ең маңызды оқиға.

Осы қасиетті күні көпшілік бір-біріне ақжарма тілек арнап, өткен реніштерін кешіреді. Бес парыздың бірі – қажылықпен тұспа-тұс келетін қасиетті айт мейрамының орны ерекше.

Құрбан айт – кеңпейілділік пен жомарттықтың, бауырмалдық пен қайырымдылықтың мерекесі. Ендеше, баршаңыздың ниет етіп шалған құрбандықтарыңыз, құлшылық еткен дұғаларыңыз бен тілектеріңіз қабыл болсын! Құрбан айт мүбарак болсын!

 

Қ. МЕДЕУОВ, аудан әкімі, «Нұр Отан» партиясы

аудандық филиалының төрағасы

 

0

Отстреляй как надо …и вернись..    Учения по ликвидации  бандформирований прошли на военном полигоне «Казахстан».

Алдыңғы ақпарат

АГРОӨНЕРКӘСІП АЛҒА ДАМУЫ КЕРЕК

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *