Без рубрики

15 000 КІМДЕРГЕ ТИЕСІЛІ

Президент пәрмені

Индустриялық және инфрақұрылымдық даму министрлігі төтенше жағдай кезінде коммуналдық шығындар үшін өтемақы төлеу туралы жаңалығымен бөліскелі бір айдың жүзі болды. Бірақ үкімет қаржы жағдайына байланысты қандай да бір үкім шығарса, «оның нәтижесін ертесінде-ақ көресің» — деу біздің қоғам үшін әлі де болса «армандардың» алғашқы санатында тұрғаны өтірік емес. Міне, аудандық бюджетке күні кеше ғана үкіметтен бөлінген қаржы айға жуық уақыт өткенде ғана түсті. Осы уақыт аралығында аудан тұрғындары арасында біраз «ажиотаж» орнағаны байқалды. Қазір ондай сабырсыздыққа жол берудің ешқандай қажеттілігі жоқ. Төлемнен үмітті азаматтар ақпараттық жүйелер арқылы немесе Zhetysu.komek109.kz сайты арқылы коммуналдық қызметтерді жеткізушілердің шығындарын өтеу үшін берілетін 15 мың теңгеге онлайн өтінім бере алады. Осы тұста айта кетер тағы бір кемшілік – жаңа пилоттық жоба болғандықтан халықтан желілер арқылы көп хабарламалар көптеп түсіп жатыр. Кейде техникалық ақауларға байланысты аталмыш электрондық желілерге түскен хабарламалар уақытында ашылмай жатады. Осындай техникалық ақаулар кездесуі мүмкін екенін ескеріп, сабырлық танытқан жөн. Осы жағдайға байланысты Аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы А. Дильдабекова: «Осы уақытқа дейін электрондық желілер арқылы және жақын тұратын тұрғындар жекелей келіп 2000-ға жуық тұрғын өз өтініштерін жазды. Міне, бүгін, яғни 26 мамыр 2020 жылы коммуналдық өтемақылары 900-ге жуық тұрғынның дербес шоттарына түсіп жатыр. Қайталап ескертеміз, ақша қолма-қол берілмейді, тек дербес шоттарына түседі. Олар газ, электр, қоқыс шығару, жылумен қамту компанияларына төленуде. Өкінішке орай, арасында 7 төлем алушылардың санатына жатпайтын адамдар да жазып жатыр. Мысалы жалғызбасты адаммын деп келеді. Өзі жалғыз тұрғанымен, тексере келе ұлы не қызы басқа облыста, немесе көршілес мемлекетте тұрып жатқаны анықталады. Мұндай кісілер жалғызбастыға жатпайды. Сондай-ақ, төменгі зейнетақы алатын зейнеткерлер арасында да түсініспеушілік бар. Бес-алты жыл бұрын ең төменгі зейнетақымен зейнетке шыққанымен, уақыт өте келе оларға үкімет тарапынан зейнетақыларына түрлі жағдайда қаржы қосылғандар төтенше жағдайларға байланысты берілетін 15 000 теңге коммуналдық өтемақыны ала алмайды. «Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталығы» берген ақпарат бойынша ең төменгі зейнетақы бүгінгі күні 40 441 теңге болып саналады. Осы көрсетілген қаржыдан жоғары алатындар төмен зейнетақы алатындардың санатына жатпайды», — дейді маман. Төтенше жағдай кезінде коммуналдық шығындар үшін өтемақы алатын азаматтардың санаты: — 1, 2, 3 топ мүгедектері; — мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар; — көпбалалы отбасылар; — Екінші дүниежүзілік соғыс мүгедектері мен қатысушылары, соларға теңестірілген тұлғалар; — мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерін, әскери қызметін орындау барысында, ғарыш кеңістігіне ұшуға дайындық барысында немесе ұшу кезінде, адам өмірін құтқару және құқық тәртібін сақтау кезінде қаза тапқан тұлғалардың отбасылары; — ең төменгі және одан аз зейнетақы алатын зейнеткерлер; — атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар, оның ішінде жалғызбасты зейнеткерлер. Міне осы тізімдегі адамдар қазір аудандық әкімшілікке келіп немесе Zhetysu. komek109.kz сайты арқылы өз өтініштерін бере алады. Ескерте кетейік, 15 000 төтенше жағдай кезінде коммуналдық шығындар үшін өтемақы алатын азаматтар газ, электр, қоқыс шығару, жылумен қамту сияқты коммуналдық шығындарын әр компанияға бөліп төлесе де болады немесе бір ғана коммуналдық шығынын жапса да өз еркі. Жоғарыда айтылған өтемақы тек төтенше жағдай орын алған сәуір, мамыр айларында ғана төленеді.

Б.ЧОЙБАСОВ

0

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛЫҚ ТҰЛҒАСЫ

Алдыңғы ақпарат

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай үндеуі

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *