ЖаңалықтарҚоғамМерекелерРухани жаңғыру

14 НАУРЫЗ — КӨРІСУ МЕЙРАМЫ

14 наурыз — Көрісу мейрамы. Көрісу күнінде халық қыстан аман-есен шыққанына қуанып, бір-бірімен қол алысады. Таң сібірлеп атысымен, көрісу мерекесін асыға күтіп отырған әрбір отбасы алдын ала дайындалып қойған дастарханын жаяды. Міндетті түрде бауырсақ пісіріп, дастарханға тәтті-пәттісімен қосып үйіп қояды. Отбасының кішілері үлкендеріне қос қолын беріп, көрісіп шығады. Бір–біріне «Бір жасыңмен!» дейді. Ол «Бір жасқа есеюіңмен! Осы жылға аман-есен жетуіңмен!» дегенді білдіреді. … Біреуге реніші бар адамдар бұл күні өкпесін ұмытып, ренжіскен адамына кіріп көріседі. Сөйтіп, арадағы суық қарым-қатынастың жібі үзіліп, көрісу күні адамдар бір-бірімен қайта табысады.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын іске асыру мақсатында бүгін Ақши ауылдық кітапханасында Ақши ауылдық балалар кітапханасы және мәдениет үйімен бірлесе отырып «Жаңалықтың жылы лебі және қайта түлеген дәстүр» атты мәдени –ұлттық сабақ өткізілді. Ақши ауылдық кітапханасының меңгерушісі шараға қатысушыларды наурыздың алғашқы мерекесі, көрісу күнімен яғни бір жасқа есеюлерімен құттықтап, ізгі тілегін білдірумен бастады. Шара барысында жастарға наурыз мерекесінің тойлануы туралы слайд көрсетіле отырып қазақ халқының салт –дәстүрлерінің мәні мен мағынасы, Ұлттық дәстүрлерімізді қастерлеу, оны жаңаша қайта түлету, жастардың қолында екендігі түсіндірілді. Ақши ауылдық мәдениет үйі жанындағы халық театрының мүшелері және кітапханашылардың қатысуымен «Көрісу» күнінен көрініс көрсетілді.

 

 

 

0

«АСТАНА-МЕНІҢ МАҚТАНЫШЫМ» АТТЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

Алдыңғы ақпарат

КОРЕЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: «ЖАСЫЛ» ЭКОНОМИКА САЛАСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ДҰРЫС БАҒЫТТА ЖЫЛЖУДА

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *