ЖаңалықтарҚоғамМерекелер

1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні

ҚҰРМЕТТІ АУДАН ХАЛҚЫ, ҚАДІРМЕНДІ БАУЫРЛАР!

Сіздерді татулық пен келісімнің нұрына айналған 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлік күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Қазақстан халқының бірлік күні мерекесі бүгінгі таңда бейбіт өмір мен ынтымақта тұрмыс кешіп отырған ел тұрғындары үшін ыстық ықылас пен достық ниеттің дәстүрі, асыға күтер мейрамы. Бұл күн – әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі. Халық бірлігі мерекесі күні ел азаматтары ұлт пен ұлыстың өткен кезеңдегі тарихы мен оның сабақтарын дәріптеп, әлемдік қауымдастық тарапынан жоғары бағаланған қазақстандық татулық пен келісімді паш етеді. Еліміздің басты қорғаушы күші – қоғамдық келісім мен этносаралық үйлесімді сақтау Қазақ елінің алдында тұрған басты міндет. Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық – біздің ең маңызды байлығымыз! Бұл жетістікті бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету әрбір Қазақстан азаматының міндеті болып табылады.

Тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдарынан бастап 1 мамырды бірлік күні деп, ынтымақ күні деп мерекелеп келеміз. Себебі, елімізде ең бастысы адам – ұлтқа бөліп емес, іскерлігіне қарай бағаланып жатыр. Осы ұғым біздің мызғымас мемлекетіміздің тұтастығына тірек болып тұр. Елбасының бастамасымен дүние жүзіне үлгі болып отырған, ұлтаралық тату­лық пен тұрақтылықтың феномені – Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Бұл ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым.

Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз сөзінде: «Біздің қоғамда ешкімнің де этностық артықшылығы жоқ және бәрі де Заң алдында тең. Барлық қазақстандықтар – бір туған жердің балалары. Біздің бәрімізді бір мәселе толғандырады – бүкіл Қазақстан халқының әл-ауқаты. Біздің бәріміздің мақсатымыз бір – біздің ортақ Отанымыздың өркендеуі», – екенін атап өтті. Ендеше, еліміздің өркендеуімен бірге аудан экономикасы да ілгерілеу үстінде. Бейбітшілік пен татулықтың арқасында бізді болашақта бұдан да жарқын, баянды күндер күтіп тұрғанына сендіргім келеді. Ең бастысы достық пен ынтымақ бар жерде береке мен ырыс болары айдан анық ағайын!

Қадірменді жерлестер!

Бейбіт ұранына үн қосқан біздің аудан жұртшылығы да бірлік мерекесін лайықты еңбек тартуларымен қарсы алып отыр. Бүгінде өңірімізде жүзі басқа болса да, жүрегі бір сан түрлі этникалық топтың өкілдері татулықтың үлгісін көрсетіп жүр. Баршаларыңыз бір кісідей бірігіп, елеулі еңбек етулеріңіздің арқасында өңіріміздің өркені өсіп, бірлік пен берекенің тал бесігінде тербетіліп отыр. Алдағы уақытта да ұлттық игілігімізге айналған азаматтық татулық пен этносаралық келісімді сақтау – жалпыұлттық міндет болып қала бермек.

Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болсын!

Халқымыздың береке-бірлігі арта берсін, ағайын!

 

Қ. МЕДЕУОВ, ауданы әкімі, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағасы

0

«СТРОЙКА НОВЕЙШЕГО ЗАВОДА ИДЕТ ПО ГРАФИКУ», —

Алдыңғы ақпарат

БІР ПАЙЫЗ ТӨЛЕ ДЕ ЖЕКЕ КӘСІПКЕР АТАН

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *