ТАҒАЙЫНДАУ

Іле ауданы әкімінің өкімімен Сәтібаев Алмасбек Қожабекұлы Іле ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Сәтібаев Алмасбек Қожабекұлы 1971 жылы дүниеге келген. Республикалық медициналық училищесін, «Дарын» әлеуметтік-гуманитарлық институтын бітірген. Еңбек жолын 1991 жылы Алматы қаласының Мәскеу аудандық санитарлық-эпидемиологиялық станциясында санитарлық дәрігердің көмекшісі ретінде бастаған. Мамандығы – санитар фельдшері, психолог, психология мұғалімі, психолог-заңгер.

1996 жылдары Жетісу ауданы әкімі аппаратының экологиялық санитарлық инспекциясының бас маманы, 1999-2004 жылдары Алматы қалалық экологиялық-санитарлық инспекциясының жетекші маманы, бас маманы қызметтерін атқарды. 2004-2008 жылдары Алматы қаласындағы «Табиғатты қорғау бағдарламаларын іске асыру жөніндегі Алматы қалалық мекемесінің» Жетісу бөлімшесінде аға кеңесші, бөлім бастығы, 2008-2014 жылдары Алматы қалалық экологиялық инспекциясының бөлім бастығы, инспекция бастығы қызметтерін атқарды.

2014-2017 жылға дейін Алматы қаласындағы қоршаған ортаны қорғау және экологияны қорғау бөлімінің бастығы болды.

2017-2018 жылға дейін «Іле ауданының Междуреченск ауылдық округі  әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы қызметін атқарды.

2015 жылы «Қазақстан Республикасы Конституциясына – 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталған.

Отбасылы, 3 баласы бар.

Ссылка на основную публикацию